Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Қазақстанды әйел адам басқаруы мүмкін екенін айтты

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “лайықты әйелдер бар” екенін ескере отырып, ел президенттігіне әйел адамды сайлауға болатынын айтты.

image

Фото: liter.kz

Бұл туралы “Қазақпарат” хабарлайды.

“Қазақстанда неге  әйел адам президент бола алмайды деп ойлайсыздар. Әбден болуы мүмкін. Қазақстанның 51 пайызы әйелдер, гендерлік саясат қалыпты даму үстінде, парламент депутаттарының 30 пайызы әйелдер.

Үкімет құрамында бірнеше министр әйел жұмыс жасап жатыр. Сондықтан бұл мүмкін нәрсе, әрі президент болуға дайын әйелдер бар”, – деді ол “Қазақстанды бір күндері әйел президент басқаруы мүмкін бе?” деген сұраққа жауап бере отырып.

РФ Президенті Владимир Путин “кейбірімен таныс” екенін айтты. Оған жауап ретінде Н. Назарбаев үш қызы болғандықтан, әйелдерге ерекше құрметпен қарайтынын әзілмен жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: Қазақстан экономикадағы мемлекет үлесін 15%-ға қысқартады

Назарбаев: Ақтөбедегі лаңкестікті салафизмді ұстанушылар жасады

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен шөбересі өмірге келді

Назарбаев: Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет

Талқылау