Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Соңғы жылдары біз тым еркелеп кеттік, енді үнемдеу керек

Елбасы өз жолдауында  осыған дейін ақтағаны бар ақтамағаны бар барлық салаға қаржы бөлу есепсіз жүргенін айтты. Дағдарыстың кезінде арнайы бағдарламада  осындай шығындарды үнемдеуді қолға алатынымызды ескертті.

«Осы дағдарыстың  болғаны да дұрыс болды. Қаржыны  басқа жаққа емес, ел игілігіне жұмсап  барымызбен өмір сүреміз. Біраз жыл  тым еркелеп, ысырапшыл болып кеттік. Барлық салаға ақша салдық, бәріне бердік, барлығы да риза болды, жақсы өмір сүрді. Әйтеуір бір күні  бұндай өмір аяғына жетеді,міне  бітті дегені қазіргі кез. Қорқынышты ештеңе де болған жоқ. Қазір біз сол жығындарды оңтайландырсақ бәрі орнымен жүріп кетеді»,-деді президент

2017 жылы Қазақстан қазіргі құн салығынан бас тартып, салықтың тек үш түрімен жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мəлім етті.

теңге

«2017 жылы қазіргі құн салығының орнына біз сатудан түсетін салық түрін енгізуіміз керек. Тиімсіз салықтық жеңілдіктердің барлығынан бас тартқан дұрыс. Салық жүйесін оңтайландыру керек. Салықтың тек үш түрін қалдыру керек. Біріншісі, бəрімізге белгілі үш ортақ салық. Екіншіден, жеке кəсіпкерлерге арналған салық, үшінші салық түрі ретінде шағын жəне орта кəсіпкерлік пен аграрлық секторға арналған арнайы салық режимін енгізуіміз керек», -деген Елбасы бұл тетік көлеңкелі экономикамен күресуде өте тиімді болатынын жеткізді.

«Үкіметтің басты міндеті – салық жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету. Тек осы шаралар арқылы экономикадағы əрбір субъект салықты толығымен төлейтін болады»,-деп атап өтті ҚР Президенті.

Талқылау