Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Қазақстанда диктаторлық немесе автократиялық басқару деген бос сөз

Елімізде бүгінгі шарттарға жауап беретін президенттік басқару үлгісі деген сенімде президент.

1195133

Қазақстанда актократиялық немесе диктаторлық басқару үлгісі орнағандығы туралы әңгімелер бос сөз, оны Қазақстандағы өмірді газеттерден ғана оқитын адамдар айтуы мүмкін деп санайды президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

“Иә, бізде президенттік басқару. Конституцияда басқарудың президенттік үлгісі екені жазылған. Француздың президенттік билігі қатаңдау. Ал бізде осындай. Оны әртүрлі атайды, тіпті диктаторлық немесе актократиялық дейді. Бұл біздегі жағдайды білмейтін, біздің өмірімізді білмейтін, жалпы ештеңе білмейтін, газеттен оқитындардың бос сөзі”, — деді ол жексенбі күні кешке КТК телеарасында көрсетілген “25 kz. Жаңа тарих” деректі фильмі түсірушілеріне берген сұхбатында.  Қазақстан президенті еліміздегі басқару жүйесінің келешекте қайта қаралуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

“Еліміз үшін біздің билік бүгінде қалыпты. Басқа жағдайлар келсе, өзге кезеңге өтеміз — басқа міндеттерді орындау керек болады, сол кезде халық басқасын сұрайды, сонда халықпен бірге не істейтінімізді басқаша шешеміз”, — деп атап өтті елбасы.   Нұрсұлтан Назарбаев елді 1989 жылдан бері басқарып келеді.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев Астанадағы биік ғимараттардың кімнің ақшасына салынғанын айтты

Жүрсін Ерман тікелей эфирде Мұхтар мен Болатбекті қайта айтыстырып халықтың өзі бағалайтынын айтты

Ішімдіктен бас тартуға 5 себеп. Қазақстанда арақ-шарапсыз тойлар қалай өтіп жатыр?

Талқылау