Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Қарағандыда жас жұбайларға тосынсый жасады

Қарағандыға іс-сапармен барған елбасы жас жұбайларға сый жасады.

Қарағандылық жас жұбайларды Назарбаевтың өзі құттықтады, деп жазады Ақорда.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барған іс-сапары кезінде “Ақ сарай” салтанат сарайына ат басын бұрды. Елбасы жас жұбаларға ақ батасын беріп, ізгі тілегін айтты. Олармен бірге естелікке суретке түсті.

“Ертең Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Көп адам үшін нағыз бақыт – отбасы мен балалары. Сіздерді өмірдегі ең маңызды күндеріңізбен құттықтаймын, – деді елбасы.

Отау құрған жастар жас отбасыларын қолдайтыны үшін, “7-20-25” бағдарламасын енгізгені үшін президентке алғысын білдірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау