Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев қандай жағдайда ЕАЭО елдері үшін ортақ валюта енгізілетінін айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ортақ валюта енгізу туралы сұраққа жауап берді. Президенттің айтуынша, бұл сұрақ осы уақытқа дейін нақты талқыланбаған, деп жазады Stan.kz.

Назарбаев қандай жағдайда ЕАЭО елдері үшін ортақ валюта енгізілетінін айтты

“Бұл тақырыпқа қатысты ешкіммен сөйлескен жоқпыз, ешқандай келіссөз де болған жоқ. Мүмкін Еуропадағы еуро сияқты болғанын қалайтын шығар. Әрине жақсы, бірақ бізге оған дейін әлі біраз уақыт бар. Бізге барлық елдердің экономикасын көтеру керек, ол үшін жағдай бірдей болу керек, әрі барлығы бір валютамен өмір сүруге келісуі керек. Оған әлі алыс. Ресей мен Қытайды өзімен энергетика саудасын ұлттық валютада жасау мәселесіне келгенде қиындық туындайды. Бұл сұрақты болашақтың еншісіне қалдырайық. Болғаны жақсы, бірақ жақын арада бола қоймас”, – деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.

Мемлекет басшысы Қазақстан қаржы жүйесіне қанағаттанарлық деген баға берді.

“Проблема бар және оларды шешу керек. Ең бастысы, банктер нашар жұмыс істеген кезде қарапайым халық, салымшылар зардап шеккен жоқ. Оған арналған арнайы сақтандыру қорлары бар. Бақылап отырмыз, мүмкіндігіміз бар”, – деді елбасы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Ұлттық банкі банктерді бақылау үшін жаңа құзырға ие болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау