Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев қаласа бір доллардың құнын бір теңгеге теңестіре алатынын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда қажет болса бір АҚШ долларын- 1 теңге етуге болатынын айтты.

nazarbaev_schitaet-_chto_vsem_storonam_konflikta_na_ukraine_nuzhno_sest_za_stol_peregovorov

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Теориялық тұрғыда мен парламенттің қатысуынсыз  бір долларды – бір теңге етуге үкім ете аламын. Мұны жасауға болады», – деді Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс жиынында.

«Бір жылдары сондай болған.  Үлкен кісілер бұны жақсы біледі. Кеңес Үкіметі кезінде 1 рубльдің  ресми бағасы 45 цент, тіпті долларға да жетпейтін еді. Ол кезде ешқандай да қазіргідей  байланыс пен дамыған мүмкіндіктері жоқ,  табиғи өнімдерге қарап отырған елде осындай жағдай болды. Естеріңізге түсіріңіздерші ол кезде қанша  жеке кәсіпорындар болып еді? Жоққа тең болды», – деді президент.

Назарбаевтың сөзінше  мемлекет доллар бағамын тұрақтандырған сайын кәсіпкерліктің дамуына соншалықты кедергі келеді.

«Бізге елде теңгенің айналымын күшейте түскен маңызды. Йогада айтқандай,терең тыныс алып, доллар жайлы ұмытсақ. Біз теңгеге Қазақстанда өмір сүреміз. Біз теңгеде төлемдер жүргізіп, барлық затты теңгемен сатып аламыз»,- деді Назарбаев.

Президент  теңгенің бағамын  қолдау Қазақстан халқын біріктіре түсетінін  айтып өтті.

«Ойланайықшы, егерде біз теңгенің бағасын Ұлттық қордың есебінен тұрақтандыра беретін болсақ не болатын еді. Бұл дегеніңіз мемлекет пен халқының қазіргі жағдайдан әлде қайда кедейлене түсуіне алып келетін еді»,-  президент «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеген сөзінде.

«Бұл жағдайды қарапайым адам түсінбеуі мүмкін. Бірақ, оны жинап қойған қорды шашсақ, болашақа ешқандай  ақшамыз қалмайды. Оның орнын қайта толтыру керек болады»,- деп қосты өз сөзіне Назарбаев.

Оның сөзінше  халықтың жиған-тергені  «бірден құртылып қаржы жүйесі күйрейтін еді. Өндіріс орындары жабылып, шағын кәсіпкерлік тоқтайтын еді. Жұмыссыздар көбейіп, ақшаның құнсыздануы еселеп артатын еді”.

«Біз долларға өз теңгемізді жегізгенде не болатын еді. Қазақстандықтар байып кететін беді? Жоқ»,- деді президент.

Назарбаев өз сөзінде доллардың құнын тұрақтандырған сайын  кәсіпкерлер мен кәсіпорындар саны азая түсетінін айтып өтті.

Өткізбеңіз:

Назарбаев базарға барып бағалардың түскеніне көз жеткізген

Назарбаев халықтың ақшасына қол сұққан шенеуніктерді сынға алды

Назарбаев зәулім сарайға ұқсап салынған балабақшалардың құрлысына шүйлікті

Талқылау