Назарбаев қаласа бір доллардың құнын бір теңгеге теңестіре алатынын айтты

Жұма, 29 Қаңтар , 2016 12:46

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда қажет болса бір АҚШ долларын- 1 теңге етуге болатынын айтты.

nazarbaev_schitaet-_chto_vsem_storonam_konflikta_na_ukraine_nuzhno_sest_za_stol_peregovorov

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Теориялық тұрғыда мен парламенттің қатысуынсыз  бір долларды – бір теңге етуге үкім ете аламын. Мұны жасауға болады», – деді Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс жиынында.

«Бір жылдары сондай болған.  Үлкен кісілер бұны жақсы біледі. Кеңес Үкіметі кезінде 1 рубльдің  ресми бағасы 45 цент, тіпті долларға да жетпейтін еді. Ол кезде ешқандай да қазіргідей  байланыс пен дамыған мүмкіндіктері жоқ,  табиғи өнімдерге қарап отырған елде осындай жағдай болды. Естеріңізге түсіріңіздерші ол кезде қанша  жеке кәсіпорындар болып еді? Жоққа тең болды», – деді президент.

Назарбаевтың сөзінше  мемлекет доллар бағамын тұрақтандырған сайын кәсіпкерліктің дамуына соншалықты кедергі келеді.

«Бізге елде теңгенің айналымын күшейте түскен маңызды. Йогада айтқандай,терең тыныс алып, доллар жайлы ұмытсақ. Біз теңгеге Қазақстанда өмір сүреміз. Біз теңгеде төлемдер жүргізіп, барлық затты теңгемен сатып аламыз»,- деді Назарбаев.

Президент  теңгенің бағамын  қолдау Қазақстан халқын біріктіре түсетінін  айтып өтті.

«Ойланайықшы, егерде біз теңгенің бағасын Ұлттық қордың есебінен тұрақтандыра беретін болсақ не болатын еді. Бұл дегеніңіз мемлекет пен халқының қазіргі жағдайдан әлде қайда кедейлене түсуіне алып келетін еді»,-  президент «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеген сөзінде.

«Бұл жағдайды қарапайым адам түсінбеуі мүмкін. Бірақ, оны жинап қойған қорды шашсақ, болашақа ешқандай  ақшамыз қалмайды. Оның орнын қайта толтыру керек болады»,- деп қосты өз сөзіне Назарбаев.

Оның сөзінше  халықтың жиған-тергені  «бірден құртылып қаржы жүйесі күйрейтін еді. Өндіріс орындары жабылып, шағын кәсіпкерлік тоқтайтын еді. Жұмыссыздар көбейіп, ақшаның құнсыздануы еселеп артатын еді”.

«Біз долларға өз теңгемізді жегізгенде не болатын еді. Қазақстандықтар байып кететін беді? Жоқ»,- деді президент.

Назарбаев өз сөзінде доллардың құнын тұрақтандырған сайын  кәсіпкерлер мен кәсіпорындар саны азая түсетінін айтып өтті.

Өткізбеңіз:

Назарбаев базарға барып бағалардың түскеніне көз жеткізген

Назарбаев халықтың ақшасына қол сұққан шенеуніктерді сынға алды

Назарбаев зәулім сарайға ұқсап салынған балабақшалардың құрлысына шүйлікті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

24
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Дукенге барсам тамактын бари кыматтап кетипти.Не ушин десен доллар котерилип кетти деди.Менин алганым Актобенин каймагы,Оралдын шужыгы,Костанайдын сыры.Сонды буларда доллармен келип турма дедим.Сатушы иыгын козгап маган билмеймин деди.Сонда ким биледи?

  • Жұмбақ жан says:

    Қазақтың жағдайын жасаған сайын жалқаулана береді. Жұмыс жоқ дейди, бари қымбат дейди, кризис дейді айтеуір айта беретин сылтаулары да көп. Ал берген жұмысты әрі қарай дамыта алмайды, сүрінсе тастай салады да, тағы бир сылтау айтып сонымен қоя салады. Сосын тағыда жұмыс жоқ деп, жүре береді. Содан кейін қазақ өсе ма? жоқ… Кризис, қайдағы кризис қазақстанда тойхананың бәрінде үйлену тойы кризис жоқ. Кризис ол адамның өз миында. Сондықтан да әр адам ұйықтай бермей, Елбасымыз айлықты көбейтсе екен, заттардың бағасын арзандатса екен деп, Үкіметтегілерден үміттене бермей өзі қимылдау қажет деп ойлаймын. Сонда барып қазақтың алға қарай жылжуына мүмкіндігі болады деп сенемін.

  • Жұмбақ жан says:

    Елбасымыз дұрыс айтады.

  • Жұмбақ жан says:

    Елбасымыз өте көреген білгір адам, Елбасымыз аман болсын, өмір жасы ұзақ болсын! 100 жасасын, менде 100ге келіп Осы Елбасымызды тыңдап отырайын

  • Асхат says:

    Ол үшін Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңға өзгеріс енгізу керек, ішкі сауда айналымы мемлекеттік валютамен жүргізілуі тиіс деген сөз қосылса болдығой

  • Жұмбақ жан says:

    Егер қолыңыздан келсе теңестіріңіз неге біз өз елімізде өзге елдің долларын армандап жасауымыз керек . Біз Америкада емес Біз Қазақстанда тұрып жатқанымызды ұмытпайық. Әлде мүлдем қолданыстан шығарып тастаңыз долларды кейбір елдер сыяқты.

  • Жұмбақ жан says:

    Саясаттан алыс адамдарга не болса соны жаза бермесин бари бир ештенени тусинбейди. Ел баскару онай шаруа емес

  • Жұмбақ жан says:

    Нұрсұлтан президент болып тұра берсін әйтпесе доллары көп байлар кедейлерді жеп қоюы мүмкін

  • Жұмбақ жан says:

    долларды соншама құнсыздандыруға қарсымын.

  • жумбак жан says:

    Кайдагы арзан, бари кымбаттап жатыр, базрга барып кор….бир 5 литр майдын багасы 2500т..солма арзан багасы

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар