Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев – инвесторларға: Маған сеніңіздер

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторлармен кеңес барысында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан экономикасына инвесторларды қалай тартқанын айтып берді.

04fe25839f3f98f309826659bee050cb

Сурет akorda.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“21 жылдай уақыт бұрын мен алғаш рет Chevron компаниясымен келіссөз жүргізіп, Қазақстанға шақырдым. Мен сол кездегі компания президенті Дерр мырзаға қарама-қарсы отырып, салық туралы, Қазақстанға пайдасы, өзіне пайдасы, елдің қай аумағы ыңғайлы деген төңіректе сөз таластырып қалдым. Ол маған айтады: “Президент мырза, сіздерде заң жоқ, мамандар жоқ, технология жоқ. Біз қалай үміт артамыз? Сіз бізді немен сендіре аласыз?” дейді. Мен айттым: “Мендегі жалғыз аргумент – сіздер маған сену керексізер” дедім деп айтты Назарбаев жұма күнгі шетелдік инвесторлармен кездесу барысында.

Мен оларды ұятқа қалдырмадым деп ойлаймын, деген президент, аталмыш компаниялардың бұл күндері Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.

“Мен сол сөзімді жалғастырамын: “Маған сеніңіздер”…қазір қайта заң да бар, дайын мамандар да бар”, – деді Назарбаев.

Талқылау