Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев индустриялық жобалардың презентациясында шоу жасауға тыйым салды

Бүгін елбасы инвестиция және даму министрлігіне ел индустриясының көркеюіне арналған қандай да бір жобаларда шоу көрсетуге тыйым салды – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

“Біз облыс жүйесінен шықпауымыз керек. Енгізілген жаңа объектілерге байланысты “Алтын сапа” байқауын жүргіземіз. Бірақ, ешқандай отшашу, би деген болмасын. Көрнекіліктерге де босқа ақша жұмсамаңдар”, – Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, елбасы әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты Қазақстан индустриясының екінші бес жылдық бағдарламаларын қолға алу керектігін ескертті. Аталған бағдарлама оңтайланып, 1 сәуірден бастап жаңа форматта жұмыс істеуіміз керек екенін нақтылады.
-“Бұған дейін 770 объектіні қабылдадық. Бірақ, олардың көбі бәсекеге сай келмей, тек мемлекет қаржысына мойынсұнды. Әсет, Орынтайұлы, бұлай болмау керек қой? Нәтижесіз болса мұның бәрін не үшін жасап жатырмыз?”, – деп елбасы инвестиция және даму министріне сауал қойды.

Талқылау