Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев ІІМ басшысына Алматыға аттануды тапсырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жедел түрде Алматыға аттануды тапсырды.

8806163

“Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Қасымовтың Алматыға ұшуын тапсырды”, – деп жазды Кәрім Мәсімов өзінің Твиттердегі парақшасында.

Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді.

Талқылау