Назарбаев “Гюнешли” кенішіндегі өртке байланысты Әзірбайжан президентіне көңіл айтты

Жексенбі, 6 Желтоқсан , 2015 20:49

Елбасы Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевке “Гюнешли” кенішінде болған өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

Бұл туралы КазИнформ хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев жеделхатта көптеген адамның зардап шеккені, және хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты. Сондай-ақ жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

“Гюнешли” платформасындағы өрт жұма күні кешке тұтанды. “Гюнешли” Азербайджанның мемлекеттік мұнай компаниясы болып табылады. Мәлімет бойынша, апатқа газ құбырындағы желдің қатты соғуынан зақымдануы себеп болған.

Соңғы мәліметтер бойынша, бір адам қаза тауып, 30 адам із-түссіз жоғалып кетті, ал 32-сі құтқарылды.

Каспий теңізінде мұнайшығаратын платформадағы өрттен кейін Әзірбайжан елінде бір күн – қаралы күн болып белгіленді. 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар