Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Головкинге сәттілік тіледі (видео)

Елбасымен кездесіп, жекпе-жек алдында сәттілік тіледі.

ҚР президентінің ресми сайты

Елбасы мен спортшының кездесуі түсірілген видеоны ҚР президенті телерадиокешені жариялады.

Әлем күткен жекпе-жекке 2-ақ күн қалды.

«Бұл айда сенің ең маңызды жекпе-жегін күтіп тұр. Қазақстандықтардың атынан саған табыс тілеймін. Қазақстандықтар сенің әрбір жекпе-жегіңді үзбей көреді. Сенімен мақтанамыз. Бұл жастарға үлкен сабақ», – дейді елбасы.

«Менің міндетім – ұтып алу, сіздің міндетіңіз – бұйрық беру», – деді Головкин елбасыға.

«Сен майталман боксшысың. Саған жеңіліс таппаған ең мықты боксшының атағын берді. Бұл үлкен жетістік әрі біздің спортымызды насихаттаудың үлкен жолы. Сенің еңбегіңді бағалаймыз. Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізу керек болса, оны да ұйымдастырамыз», – деді Назарбаев.

Боксшы президентке WBC, WBA (Super), IBO және IBF бойынша алған чемпиондық белбеулерін сыйлады. Елбасы спортшыны «Қазақстанның тұңғыш президенті – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев» оденімен марапаттады.

Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Сауль Альвареспен қарымта кездесуінің алдында мәлімдеме жасап, өзінің жеңетінін айтты.

Жұма күні Головкин мен”Канелоның” екінші жекпе-жегі қаншада басталатыны анықталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау