Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Fokker-100 командирі Дмитрий Родинды Қаһарман деп атады

27 наурыз күні Астана әуежайында күндізгі сағат 10:36 –да Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда жерге қонған еді. Ұшақ Қызылорда- Астана бағыты бойынша жолға шыққан болатын.

ұшаққққ

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазды.

«Жарады, Қаһармандеуге болады, қаншама адамның өмірін сақтап қалды… Барлығы да мұндай жайттың қалай болғанын білгісі келеді, қалай болып еді?»,-деді президент Родинға қарап.

«Телеарнадан бәрін көрсетті, менің ол кезде қорқуға уақытым болмады, Нұрсұлтан Әбішұлы»,-деді Дмитрий Родин.

«Әрине, түсінікті жайт. Өзің бақытымызға орай артқы дөңгелек емес деп ойлаған боларсың?»,-деп сұрады президент.

« Иә, сіз дұрыс айтасыз, бұл ең оптимальды нұсқа еді, ең қауіпсіз. Соңғы кездері мені көпшілік Батыр атап кетті. Мен өзгелер сияқты отан алдындағы, сіздің алдыңыздағы міндетімді атқардым. Ол кезде ұшақта 116 жолаушы болды. Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз Қазақстан атты ұшақты басқарып келесіз, сіз басқарған ұшақта 18 миллион адам бар»,-деді капитан.
«Сол үшін де мен үнемі айтамын. «Мен Батыр емеспін, мен ешқандай да ерекше емеспін, сіздер сияқты тағы бір азаматпын». Біз екеуміз теңестік»,-деді президент.

«Сіздің алдыңыздан шығатын күтпеген жайттар саны көп, мыңдаған. Сіз үнемі жеңіп шығасыз»,-деп қосты капитан.

«Күнделікті» ,-деді президент.

27 наурызда Қызылорда-Астана бағыты бойынша бағыт алған ұшақтың төтенше жағдайда жерге қонуы әуе кемесінің алдыңғы дөңгелегінің ашылмай қалуымен байланысты болған еді. Ұшақ ішінде 121 адам болған, олардың ішіндегі 116-сы жолаушылар еді. Оқиға салдарынан жараланғандар мен қайтыс болғандар  жоқ.

Талқылау