Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев есірткі айналымын бақылау мәселелері бойынша түзетулер енгізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев есірткі айналымын бақылау мәселелері бойынша түзетулер енгізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

«Мемлекет басшысы жүйкеге әсер ететiн заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жетiлдiруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінеді жарлықта.

 

Еске сала кетсек, 20 желтоқсанда ҚР Парламентінің Сенаты есірткілік заттар айналымын бақылау мәселелері жөніндегі заңнамаға ұсынылған түзетулерді қабылдаған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау