Назарбаев: Енді біздің үш қаламызда миллиондаған халық бар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Global Challenges Summit 2018 форумының жалпы отырысында қазақстандық қалалардың дамуы туралы айтты.

Назарбаев: Енді бізде миллиондаған халқы бар 3 қала болды

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Урбанизация қарқыны мен түрі өзгерді. БҰҰ бағалауынша ғасырдың ортасында қалаларда тұратын адамдардың саны жеті миллиардқа жетеді. Бұған қоса, ірі агломерацияларда халықтың гипершоғырлануы жалғасады. Инвестиция үшін күресетін ең жақсы ақыл-ойлар, технологиялар және оған барлық қажетті жағдайларды жасайтын мегаполистер дәуірі туады. Бұл білім мен экономика идеясы үшін маңызды»,- деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын іске асыра бастады.

«Бізде бұрын миллиондаған халқы бар бір ғана қала болатын. Ол Алматы. Ал қазір оның қатарына Астана мен Шымкент қосылды. Енді еліміздің үш қаласында халық миллионға жетті. Бұл процесс жалғасатын болады. Сондықтан да Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында 5 шілде күні Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің ірі қалаларының форумын өткізу тосыннан қолға алынып отырған жоқ»,- деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз:

Астанада жалған медициналық құжаттар жасаған қылмыстық топ құрықталды

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын шетелдік оқу орындарының тізімі өзгерді

Алматы облысындағы майордың өлімі: Төбелестен тірі қалған жалғыз адам аяқ асты күдікті болып шыға келді

Елімізде молдалардың өлім-жітімде құран оқып тапқан табысы бақылауға алынуы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар