Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев елді “ұлттық эгоизмге жол бермеуге” шақырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елді ұлттық эгоизмге бой алдырмай, кедергілерді бірге жеңіп шығуға шақырды.

10958258

Сурет ҚР президенті ресми сайты

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Қазір ел қиын жағдайды бастан кешіруде. Мұндай сәтте ұлттық эгоизмге жол беруге болмайды. Керісінше, өзара бірлікпен әлем алдындағы қиындықтарды бірге жеңу керек”, – деді президент бейсенбі күні болған Астана экономикалық форумының жиналысында.

Ол қазіргі таңда G7, G20 секілді ғаламдық және аймақтық экономикалық форумдарды қамтитын халықаралық диалогтардың бірнеше форматы пайда болғанын атап өтті.

“ҚХР, Ресей, Қазақстандағы осындай форумдардың берері көп. Бұл жерде ұтымды ұсыныстар айтылады. Солардың барлығын топтастырса, жақсы идеялар туындауы да мүмкін. Тек келіп “әңгімелесіп” кетпеу керек”, – деді Назарбаев.

Талқылау