Назарбаев Димаш жайлы: Бұл бөлшек тауар

Елбасымен кездесу барысында қазақстандық БАҚ өкілдері қазақстандық мәдениеттің әлемге танылған отандық бренд болуы мүмкін бе деген сұрақ қойды. Президент Димаш Құдайбергенді атады, деп жазады Stan.kz.

“Америка Голливудты. Италия үздік әншілерін ұсынады. Біздің елде де бар. Мәселен, Димашты қабылдай ма? Қабылдайды. Оның қазақстандық, қазақ екенін білгенде қабылдайды. Мария Мудрякты балалар лагерінен көрдім. 7 жастағы қыз керемет ән айтты. Мамандар оның даусы перспективалы екенін жеткізді. Оған шәкіратық бөліп, Италияға жібердік. Қазір Европадағы барлық театрында опералық маңызды партияларды орындап жүр”, – дейді елбасы.

Елбасы Мария мен Димашты бөлшек тауар деп атады. Оларға көмектесіп, әрі қарай қолдау керек екенін айтты.

Қазақстандық театрлардың шетелге көп шығып, қойылымарын көрсету керек екенін жеткізді.

“Соңғы жылдары Астана Опера мен іс-сапарлары үлкен потенциал болды, 5 жылда үлкен мәртебеге жетті”, – дейді елбасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр