Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев демалыстан шықты

Мемлекет басшысы Бесінші Каспий саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Басқосуда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға және өзге де келісімдерге қол қоюға әзірлік барысы талқыланды, сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралар кестесі қарастырылды. Жиынға Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Президенттің көмекшісі Нұрлан Онжанов, Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

“Біз Каспий саммитіне көп жылдар бойы дайындалдық. Сарапшыларымыз шетелдік әріптестерімен бірлесіп, ауқымды жұмыс атқарды. Сонымен қатар, Түрікменстанда халықаралық Аралды құтқару қорын құрушы мемлекеттер басшыларының кездесуі өтеді. Біз соған қатысуымыз керек”, – деді Қазақстан Президенті.

Жиында Қайрат Әбдірахмановтың есебін тыңдады.

“Бесінші Каспий саммитінің аясында Каспий теңізінің құқықтық режімін анықтау үшін көп жылғы келіссөздерді аяқтау жоспарлануда. Каспий жағасындағы елдердің теңізді пайдалану жөніндегі құқықтары мен міндеттеріне байланысты бүкіл мәселелерді реттеуге мүмкіндік беретін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция саммиттің негізгі құжаты болып саналады”, – деді Қайрат Әбдірахманов.

Елбасы Конвенцияға қол қоюдың маңыздылығы Каспий маңы елдері арасындағы экономикалық қарым-қатынасты нығайту екенін атады. Назарбаев саммит өткізуге дайындық жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау