Назарбаев: Біздің министрлер журналистерден қашқанда, алдына жан салмайды 

Жұма, 6 Мамыр , 2016 1:18

Бүгін Ақордада кеңес өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев журналистерден, жалпы, қоғамнан қашатын шенеуніктер мен саясаткерлерге ескерту жасады.

президент

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Біз экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйымның стандарттарына талпынып, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деген мақсат ұстанып отырмыз. Бұл ұйымдағы, жалпы, дамыған елдердің ең бір жақсы стандарты – бұндай елдердің Үкіметі халық алдына күнде шығады, үкімет мүшелерінің барлығы қоғам алдында құрдай жорғалайды. Ол елдердің министрлері бір мәселе туындай қалса, жедел пікір білдіреді. Ал, бізде қалай? Менің айтарым, брифингке келіп, журналистердің алдында қағазға жазылған мәтінді оқып беру – ақпараттық жұмыс емес. Біздің министрлер брифингтерде журналистерден қашқанда, алдына жан салмайды, қарапайым сұраққа жауап бермейді»,-деп қадап айтты Назарбаев.

Мемлекет басшысы Назарбаев қазір әрбір министрлік өз саласындағы саясатты түсіндіретін ақпаратты органға айналғанын, сондықтан, қоғамнан «тығылу» тиімсіз жұмыстың басты себебі екенін атап өтті.

«Қазір біз министрліктерді  белгілі бір саладағы саясатты жүргізетін орган қылдық. Саясаткер халықпен сөйлесіп, қоғамның сенімін жаулап алуы керек. Халықпен жиі-жиі кездескен дұрыс…»,-деді Президент.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Депутаттар қашқанда министрлер шаң қауып қалды ғой. Жер туралы сұрақ қойғанда бəрі қашты уақыт жоқ деп. Жерді жаудан, елді даудан қорғауға жұмсамаған уақытты қайда жұмсайды екен…?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар