Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Біз сияқты басшы болып, билікті тізгіндеген адамдар өзгеше ойлауы тиіс (видео)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев билік ұғымының астарында не жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

Сурет: РИА Новости

ҚР президентінің телерадиокешені Елбасының берген сұхбатынан үзінді жариялады. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев биліктің жауапкершілікті талап ететінін айтты.

«Менің ойымша, бір сөзбен жауап беру қиын. Бұл сұраққа маған дейін көптеген ғұлама жауап беріп қойған. Билік деген не? Биліктің жауыздық екенін айтқандар да болды. Ақша да адамға бақыт сыйлай алмайды. Сондықтан бұл ауыртпалықтан арылып, қарапайым адамның өмірін сүрген жақсы. Бақыттың сыры осында жатыр. Алайда біз сияқты басшы болып, билікті тізгіндеген адамдар өзгеше ойлауы тиіс. Сондықтан мен бірнеше ұстанымды айтар едім. Билік – бұл, бәрінен бұрын, жауапкершілік. Қызметің қаншалықты жоғары солса, жауапкершілік те соншалықты артады», – дейді мемлекет басшысы.

Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы табысқа жетуінің құпиясымен бөліскен еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау