Назарбаев: Біз, қазақстандықтар, бүкіл әлемнен қалыспауымыз керек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Хаб» ІТ-стартаптар халықаралық технологиялық паркінің ресми ашылу рәсіміне қатысты. Елбасы іс-шара барысында бүкіл әлемнен қалыспау керектігін айтты.

Назарбаев: Біз, қазақстандықтар, бүкіл әлемнен қалыспауымыз керек

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев барша жұртты инновациялар мен цифрлық технологияларды дамыту ісіне белсене атсалысуға шақырып, бұл саланы ілгерілету үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

«Күшімізді біріктірсек, сіздермен бірге алға қойған барлық мақсатқа жылдам әрі нәтижелі жететінімізге сенімдімін. Ал мақсаттар белгілі, айқын. Алайда біз, қазақстандықтар, бүкіл әлемнен қалыспауымыз керек. Егер қазір жүйткіп бара жатқан сол пойызға мінбесек, өзге елдердің соңында қаламыз. Кеңес Одағы үнемі қуып жетуші мемлекет болатын. Ал біз одан да нашар боламыз. Біз мұны қаламаймыз», – дейді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар мемлекет басшысы еліміз бен қоғамымызды одан әрі дамыту ісінде цифрландыру үдерісінің мәні зор екенін атап өтті.

«Заттар интернеті, жасанды интеллект, 3D-баспа технологиялары және блокчейн адамзат өмірінің бүкіл саласына белсенді түрде еніп келеді. Бұл – қазіргі заманның негізгі үрдісі. Цифрландыру мемлекеттердің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторларының біріне айналды. Бүгінде әлемнің жетекші елдері, сондай-ақ олардың G-20 және Еуропа Одағы сияқты бірлестіктері өздерінің цифрландыру жөніндегі стратегиялық құжаттарын қабылдады», – дейді мемлекет басшысы.

Елбасы еліміздегі цифрландыру бағдарламасының жүзеге асырылу үдерісі мен осы бағытта қол жеткізілген нәтижелерге арнайы тоқталды.

«Қазақстан – ТМД-да мемлекеттік қызмет көрсету ісін электронды форматқа көшіруді бірінші болып бастаған елдердің бірі. Былтыр Қазақстанның үшінші жаңғыруына қадам бастық. Нақты жетістіктеріміз де бар», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Хаб» ІТ-стартаптар халықаралық технологиялық паркі қазіргі инновациялық экожүйенің өзегіне айналуға тиіс екенін айтты.

«Технопарктың жұмысына қатысушылар жеңілдетілген виза және еңбек режімдерін пайдалана алады, сондай-ақ оларға салық және басқа да жеңілдіктер беріледі. Технопарк базасында тәлімгерлік институты құрылды. Оның аясында сарапшылар стартап-командаларға қамқорлық жасайтын болады», – дейді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы ІТ-технологияларды дамытуға тартылған дарынды жастарды қолдау қажеттігіне назар аударды.

«Бізге ІТ-таланттардың жаңа буынын қалыптастыру керек. Басты мақсатымыз – ақылды әрі қабілетті балаларға көмек көрсету. Біз жеке бастамаларды, бағдарлама жасау мектептерін, роботтық техника мен кибер-спортқа қатысты спартакиадалар мен олимпиадаларды жан-жақты қолдаймыз. Жоғары оқу орындарында оқу бағдарламалары жаңартылды», – дейді президент.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар