Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев бірнеше анекдот айтып жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Елбасы Жаңа жыл кешінде Тауық жылына, шенеуніктерге қатысты бірнеше анекдот айтып әзілдеді.

bal-e1483070936777

«Адамдар үш этаптан өтеді. Олар алғашқыда Аяз атаға сенеді. Сосын сенбейтін болады. Кейін өздері Аяз ата болады», – деп бастады президент Жаңа жыл кешінде.

«Бір ер кісі әйел адамның үйіне келіп түнеп шығуын сұрайды. Алайда әйел одан қорқатынын айтып түнеуге рұқсат бермейді. Ер адам оған тиіспейтінін,  өзінің джентльмен екенін айтады. Ақырында әйел оған келіседі. Ертеңіне далаға шықса, 5 тауық пен 10 қораз жүр екен. Ер адам таңғалып, «Әдетте керісінше болатын еді ғой» десе, әйел тұрып: «Қораздардың ішіндегі қызылы ғана ғана нағыз қораз, қалғаны джентльмендер» деген екен», – деп әзілдеді елбасы.

Президент үкімет басындағылар жайлы да анекдот айтып өтті.

«Биыл үкімет басындағы қызметкерлер Жаңа жылды үкіметте отырып қарсы алды. Өйткені «Адам Жаңа жылды қайда қарсы алса, бір жыл бойы сонда болады» деген сенім бар емес пе?!», – дейді Назарбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Президент өзін тыңдап отырғандарға неміс, қазақ, украиндық жайлы анекдот айтып берген

Назарбаев ЕХРО-ға қатысқысы келген бүлдіршіннің тілегін орындады

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтап келді (видео)

Талқылау