Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев бірқатар мектеп пәндерін біріктіріп оқытуды ұсынды

Мектеп оқушыларына түсетін ауыртпалықты жеңілдету, бес күндік оқу күніне ауыстыру мақсатында ел президенті оқушыларға бірнеше пәнді біріктіре оқытуды ұсынды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сассиясында хабарлады,- деп жазды BNews.kz тілшісі.

президентттт

«Қоғамда мектеп оқушыларын үш тілде оқыту мен бес күндік білім алу тәртібіне ауыстыру мәселесі үлкен талқыға түсті. Мұны алдымен мұғалімдермен отырып талқылау керек. Мен мысалы мұны дұрыс шешім деп түсінемін. Балаларымызға шектен тыс міндет артылған. Бес күндік оқу күнін  басқа бір уақыттың есебінен қысқартпау керек. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиетін бір пән етіп оқытсақ? Орыс тілі мен әдебиетін біріктірсек, тарих пен жағрафияны. Біз балаларды көптеген дүниеге артық әурелейміз. Әлемде мұндай жоқ. Біз кейде америкалықтар Тәжікстан мен Ауғанстанды ажырата алмайды деп сынаймыз, мейлі есесіне олар кейіннен бәрін біліп алады. Олар мектепте  қалай өмір сүру керектігін, білімді қалай пайдалану қажет, аяққа тұру сынды дүниелерді үйренеді»,-дейді президент.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше  бес күндік білім алу тәртібі мәселесін мұғалімдер мен ата-аналар арасында талқылау керек. Себебі,  мектеп мәселесі әр отбасыға қатысты, осылай болған жағдайда тараптардың құқы сақталады.

Талқылау