Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Жалғыз бір Құдай бар, Одан басқа ешкім жоқ (видео)

Мемлекет басшысының телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың дінді қалай түсінетінін айтқаны түсірілген видео жариялады, деп жазады Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

Өз сөзінде елбасы ата-әжесінің тәрбиесін алғанын және ата-анасының Құдайдың жалғыз екенін айтып үйреткенін атап өтті.

«Мен де кемпір мен шалдың баласымын, ауылда тәрбиеленген. Әкем де, шешем де: “Бір Құдай бар жалғыз, Одан басқа ешкім жоқ”, – деп үйретті. Жүректе сенім болу керек, сол сеніммен жүру керек, сол сенімге сену керек. Сондықтан діннің тарағаны, діннің болғаны, қазақты имандылыққа шақыратын, жақсылыққа шақыратын,туған-туысқанға жақсылық істеуге, қамқорлыққа шақыратын болса, елге пайдасы болады. Осы жағына көңіл аудару керек», – дейді президент.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау