Назарбаев білім министрлігінің қателіктерін атап көрсетті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастары қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгеруі керек дейді. Ол үштілділіктің елде нормаға айналуы керек екенін айтты.

Назарбаев білім министрлігінің қателіктерін атап көрсетті

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады, деп жазады Stan.kz.

«Білім беру жүйесіндегі реформаларды да логикалық нәтижелерге жеткізу керек. Себебі, заманауи реалия жаңа дағдылар мен құзыреттілікке арналған оқытуды дамытуды талап етеді. Үш тілді меңгеру қалыпты болуы керек. Біздің балалар – планетаның балалары. Олар ғаламдық кеңістікте, үздік университеттерде оқиды, сондықтан өздерінің ана тілін, орыс және халықаралық тіл – ағылшын тілін білуі тиіс, бұл маңызды », – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дегенмен, ол мұны «дөрекі» жасамау керектігін басып айтты. Мемлекет басшысы білім және ғылым министрлігі мұғалімдерге үш тілде оқытуды дереу бастауды тапсырды, деп бөлімнің қателігін атап көрсетті.

«Мүмкін, шетелден мұғалімдер шақырып, содан кейін біздікілерді осыған тарту әлдеқайда жеңіл болар еді. Бұл міндет әлі өз күшінде қалады және білім беру министрлігі дұрыс бағытта қолғалып келеді. Бірақ, бәрі ақылға қонымды және не үшін, неліктен, оны қашан орындау керектігі түсінікті болу керек»,- деді елбасы.

Мемлекет басшысы сонымен қатар, жетістік компоненттері – мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы, жетілдірілген материалдық база және тиісті оқу бағдарламалары екенін атап өтті.

«Бұған дейін де айтқанымдай әр облыста, кем дегенде, бір алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны жұмыс істеуі керек. Яғни елде осындай 17 ЖОО мен 10 заманауи колледж болуы тиіс», – деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, оқу орындарының тиімділігі үшін басты критерий, түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады.

Айта кетсек, бүгін, 27 ақпанда, Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтіп жатыр. Съез барысында Назарбаев бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, елбасы «халықтың бақытты екенін ертең емес, бүгінгі күні көргісі келетінін» айтты. Жалпы, Назарбаев бүгінгі «Нұр Отан» съезінде маңызды не айтты.

Тағы оқыңыз: Назарбаев кімнің «алқымынан алу» керектігін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр