Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Билік адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуі тиіс

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік рөлі “садақа” берумен емес, жұмыс орындарын құрумен өлшенеді деп айтты.

жұмыссс

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

2016 жылдың алғашқы жарты жылдығы бойынша индустрияландыру қорытындысы жиынына қатысқан президент, халық табысының өсімі ҚР аумағында атқарылатын барлық бағдарламалардың негізгі басымдығы болуы тиіс деп атап өтті.

“Халықтың табысының артуы бізідң жұмыс орындарын ашып, жағдай жасап беру керектігін көрсетеді. Олар өз өмірлері үшін жақсы ақша табулары керек. Міне бұл мемлекеттің рөлі. Субсиядия беріп, садақа беру керек емес: Балықты беру керек емес, балықты қалай ұстауды үйрету керек дейді. Бұл үшін микронесиелер, ақшалай қолдаулар бар”, – деді Назарбаев.

Ол сондай-ақ, қымбат импорттық тауарлардың төмен бағалы қазақстандың өнімдердің орнын басуы да қазақстандықтар табысының өскенін білдіреді деді.

“Инфляция деңгейі – Ұлттық банкке байланысты. Үкімет мұны әрдайым бақылауда ұстауы тиіс”, – деді Назарбаев.

Талқылау