Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев базарға барып бағалардың түскеніне көз жеткізген

Нұрсұлтан Назарбаев доллар құны  көтерілгеннен бері  Қазақстанда азық-түлік бағасы  қымбаттамақ түгілі, бір жыл ішінде керісінше арзандай түсті, – деп хабарлайды  Stan.kz.

- 2014, 1 17.01.14

Президенттің сөзінше Қазақстанда өндірілетін тауарлардың барлығы  қымбаттамауы керек, әрі қымбаттамайды да. Ол өз сөзінде бағаларға байланысты Астанадағы бірнеше базарды аралап, тауарлардың сатылу бағасын  өткен жылғы бағалармен салыстырып шыққанын айтты.

Назарбаев  нанның бағасы бұрынғысынша 108 теңге, кілегейлі май 1500 теңгеден 1300 теңгеге қайта арзандағанын айтты. Макарон 257 теңгеден 170 болған. Картоп 96 теңгеден 80 теңгеге, сиыр еті 1270 теңгеден  1150 теңгеге түскен. Алма 420 болса қазір 350-ге , жылқы еті – 1600-ден 1400 теңгеге,  сүт  – 199 теңгеден – 170 теңгеге арзандағанын көрген.

Президенттің сөзінше  қызанақ (өткен жылы 600 болса, қазір  750), қырыққабат  (101 теңгеден 107 –ге  өскен) қымбаттаған.

«Лимон 150 теңгеге қымбаттапты, бірақ біз лимонсыз да өмір сүре аламыз»,- деді президент.

Назарбаев  облыс басшыларына жергілікті бағаны тұрақтандырып, бағалардың өсуіне жол бермеуді тапсырды.

Өткізбеңіз:

Назарбаев қаласа бір доллардың құнын бір теңгеге теңестіре алатынын айтты

Назарбаев халықтың ақшасына қол сұққан шенеуніктерді сынға алды

Назарбаев зәулім сарайға ұқсап салынған балабақшалардың құрлысына шүйлікті

Талқылау