Назарбаев базарға барып бағалардың түскеніне көз жеткізген

Жұма, 29 Қаңтар , 2016 12:09

Нұрсұлтан Назарбаев доллар құны  көтерілгеннен бері  Қазақстанда азық-түлік бағасы  қымбаттамақ түгілі, бір жыл ішінде керісінше арзандай түсті, – деп хабарлайды  Stan.kz.

- 2014, 1 17.01.14

Президенттің сөзінше Қазақстанда өндірілетін тауарлардың барлығы  қымбаттамауы керек, әрі қымбаттамайды да. Ол өз сөзінде бағаларға байланысты Астанадағы бірнеше базарды аралап, тауарлардың сатылу бағасын  өткен жылғы бағалармен салыстырып шыққанын айтты.

Назарбаев  нанның бағасы бұрынғысынша 108 теңге, кілегейлі май 1500 теңгеден 1300 теңгеге қайта арзандағанын айтты. Макарон 257 теңгеден 170 болған. Картоп 96 теңгеден 80 теңгеге, сиыр еті 1270 теңгеден  1150 теңгеге түскен. Алма 420 болса қазір 350-ге , жылқы еті – 1600-ден 1400 теңгеге,  сүт  – 199 теңгеден – 170 теңгеге арзандағанын көрген.

Президенттің сөзінше  қызанақ (өткен жылы 600 болса, қазір  750), қырыққабат  (101 теңгеден 107 –ге  өскен) қымбаттаған.

«Лимон 150 теңгеге қымбаттапты, бірақ біз лимонсыз да өмір сүре аламыз»,- деді президент.

Назарбаев  облыс басшыларына жергілікті бағаны тұрақтандырып, бағалардың өсуіне жол бермеуді тапсырды.

Өткізбеңіз:

Назарбаев қаласа бір доллардың құнын бір теңгеге теңестіре алатынын айтты

Назарбаев халықтың ақшасына қол сұққан шенеуніктерді сынға алды

Назарбаев зәулім сарайға ұқсап салынған балабақшалардың құрлысына шүйлікті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Арман says:

    “Назарбаев келеді” – деп естігеннен дүкендерде, базарларда барлыған арзандатып қояды да, ол кісі кете салысымен қайтадан бұрынғы қымбат бағасын қоя салады, оны бәріміз де білеміз, көргенбіз. Тіпті жылдар бойы жөнделмей жатқан жолдарға дейін бір түн ішінде теп-тегіс болып, жалтырап жатады. Сондықтан жолы, мектебі, ауруханасы қирап жатқан ауыл “Назарбаев өтсе екен, ештеңе істемей-ақ, жай ғана бір рет өтсе екен біздің өңірден” – деп армандап отырады.

  • Жұмбақ жан says:

    Астанада 1 литр сүт 300 теңгеден кем емес. Жұмыртқа 300 теңге. Президент қандай базарға барып жүр. Печеньені айтпайақ қояйық.

  • Жұмбақ жан says:

    калай елди алдайды бирак Астана сол куни арзандаткан болар бизде онтустик онринде Таразда керисинше бари бари кымбаттап жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар