Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Байбекке “Қаланы Бауыржан басқаруы керек” деді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы әкімі Бауыржан Бәйбекке қалаға қамқорлықпен қарауды тапсырды, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

9375561

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы әкімі Бауыржан Бәйбекке қалаға қамқорлықпен қарауды тапсырды.

“Мен үнемі ескертетінмін: Алматыны, осы қаланы жақсы көретін адамдар, басқаруға тиіс. Бүкіл Қазақстан бұл қаланы жақсы көреді. Жасқы көріп, аялау керек, ластамай, көгалдандыруға көңіл бөліп, көшелерінің тазалығын, тәртібін қадағалау қажет. Тауларды, сұлулықты сақтап қалу қажет”, —  деді ол сейсенбіде.

Президенттің сөзінше, бүгінде оңтүстік астанада қаланың жоғары бөлігінде биік ғимарттар салуға қойылған тыйым бұзылуда.

“Әл-Фарабидан жоғары үй салмауды тапсырдым. Сонда да салынып тасталған. Қала таудан келетін самалдың арқасында демалып отыр. Тауды да жауып тастапсыңдар”, — деді мемлекет басшысы.

“Шымбұлаққа баратын аспалы жол не үшін салынды? Сол жерге машинамен жетуге ме? Еуропалық тау шаңғысы курорттарында көлік көрдіңіздер ме? Мына қарқынмен орманды жойып тынамыз”, — деді Назарбаев.

Елбасы сондай-ақ, қала әкіміне қаланың қожайыны ретінде үйіңді қарағандай қарау керектігін айтты.

Бұған дейін елбасының миллион тұрғыны бар қала санын көбейту керектігін, орыс тілін шектеген шенеуніктерді жазалау керектігін, сондай-ақ, қаланың мың жылдығын атап өту кезінде көзбояушылық жасамауды тапсырған болатын. Және мемлекет басшысының гипермаркеттен отандық өнім сатып алғанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау