Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев ауыл жастарын жаппай жұмыспен қамтуға пәрмен берді

Нұрсұлтан Назарбаев бюджеттің миллиардттары бөлінген маңызды мемлекеттік бағдарламаларының қалай орындалып жатқанын тексерді. Бүгін Ақордаға Министрлер кабинетін жинап кеңес өткізген президент әсіресе әлеуметтік салаға көп көңіл бөлді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

nazar

Мемлекет басшысы алдымен арзан баспананың қалай салынып жатқанын жіті сұрастырды. Ұлттық экономика министрі, салымшы пәтердің 50 пайызын жинаса «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 4 пайызбен несие беретінін айтты. Осы жерде Елбасы мемлекет салып жатқан үйлердің әділ үлестірілуін талап етті.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, денсаулық, әлеуметтік саладағы ауқымды шаруаны тыңдаған Назарбаев, ауылдағы жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға тапсырма берді. Бұл үшін қазынадан қыруар қаржы бөлініп жатқанын да ескерте кетті.

“Тапсырмалардың бәрін орындасақ ауылда жүрген жастарға көп жақсылық жасаймыз. «Серпін» деген бағадарлама бар. Соны қадағалау керек. Негізінен бос жүрген қазақтың баларына жақсылық жасаймыз”, – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін парламент палаталарының жиналысында депутаттар Астана қаласына Нұрсұлтан Назарбевтың есімін беруді ұсынған болатын.

Оқи отырыңыз:

Қанат Бозымбаев сүйінші сұрады

Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)

Алматыда мұғалімдер мен дәрігерлер Тәуелсіздік күніне орай сыйақы алады

Алдағы уақытта банктер қарызды күштеп қайтарып алуы мүмкін

Талқылау