Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Ата-баба әруағына сыйынуда тұрған ешқандай әбестік жоқ

Президент қоғам өміріне қатысты күн тәртібінде тұрған өзекті мәселерге қатысты пікір білдіреді. Соның бірі – дін тақырыбы.

ртрт

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

“Қазақстанның мұсылмандық діни нанымы әлдеқайда байсалды, толерантты. Сүннит діннің байсалды, зайырлы ағымы деуге болады. Біздің өз дәстүріміз, салт-санамыз бар. Қазақтар осы күнге дейін ата-бабасының аруағына сыйынып келген. Ал Құранда ешқандай аруаққа табынуға болмайды, тек қана Аллаға табыну керек деп айтылған. Бірақ мен жеті атамызды біле тұра олардың аруағына сыйынғаннан ешқандай әбестік көріп тұрған жоқпын”, – деген Елбасының пікірі “Мемлекет басшысы” атты жаңа фильмде қамтылған.

3 шілдеде Қазақстан Президенті жайлы “Мемлекет басшысы” деген жаңа фильм көрермен назарына ұсынылмақ. Онда Елбасының жеке өмірі, ел басқару ісі һақында бұқараға беймәлім болған фактілер баяндалмақ. Фильмді сол күні сағат 21.00-де КТК арнасынан, 22.00-де “Хабар” арнасынан тамашалауға болады.

Талқылау