Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев ата-аналарға балаларын қандай спорт түріне беру керектігі жайлы кеңес берді

Қысқы Универсиадаға дайындалып жатқан Алматы басшылығы осында ат басын бұрған Елбасыға жаңа спорт сарайын таныстырды. «Халық Арена» деп аталатын үш мың орындық мұз айдыны алдағы қыста өтетін бүкіләлемдік студенттер ойынындағы басты спорт нысандарының бірі болмақ. Сондай-ақ, мемлекет басшысы келер жылдан бастап Алматыда Үлкен айналма жолдың құрылысы басталатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

37._20_________20___20______________2010_20_______________202008_20___1_(1)

Алматыда бүкіләлемдік ойындардың өтуіне небәрі бірер ай қалды. Жаңадан тұрғызылған «Халық Аренада» дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Қолданысқа толық дайын ету үшін әлі де тоқ-сымдарын тартып, айналасын түгел асфальттап, мұздың сапасына толық көз жеткізу керек.

Қала басшылары президентке жаңа спорт ғимаратының мүмкіндіктері мен оны студенттік ойындардан кейін де ел игілігіне жарату мәселелерімен таныстырды. Мән-жайдан құлағдар болған Назарбаев балаларды, әсіресе, кенже дамыған спорт түрлеріне тарту жайын сөз етті.

«Әсіресе біздің қазақтың балалары қатыспайтынына көңіл толмайды, шыны керек. Жеңіл атлетикада аз өте. Мына суда малтуда өте аз чемпиондар. Гимнастикада аз. Солай ғой?! Бізде не? Жұдырықпен соғу, сен сияқты, бокс, күресу, сол жағынан мықтымыз. Баяғыдан ата-бабамыздың кәсібі. Балалардың барлығын спортқа баулу керек», – дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Аумағы 11 гектер жерді алып жатқан алып аренада алдағы уақыттарда коньки және мәнерлеп сырғанау үйірмелері, сонымен бірге, Алматы қаласының жергілікті командалары жаттықпақ.

«Мен үшін туған жерде жаттығу арман болған. Енді сол мүмкіндіктің туғанына қуаныштымын. Алдағы Қысқы Универсиаданы да асыға күтіп жүрмін. Өз жерімізде өтетіндіктен, барынша дайындалып жатырмын. Жеңіске деген жігерім де мықты», – дейді мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен.

Алматының жаңа спорт ғимараттарымен танысқан Елбасы келер жылы Қысқы Универсиададан бөлек, Үлкен айналма жолдың құрылысы басталатынын айтты. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік жолының бір бөлігі болып табылатын даңғыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынбақ.Елбасы, сонымен қатар, жаңадан тұрғызылған №168 мектепті де көріп шықты. 6 бөліктен тұратын 3 қабатты білім ошағы небәрі үш айда салынып біткен. Енді онда 600 бала оқымақ.

Талқылау