Назарбаев Астанадағы сенбілікке қатысты (фото, видео)

Сенбі, 23 Сәуір , 2016 14:36

Елбасы Астанада өткен «Таза қала – бақытты қала» атты жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

субботник2

Нұрсұлтан Назарбаев ағаш егу жұмысына қатысып, сенбілікке шыққандармен және қала жастары өкілдерімен әңгімелесті.

Қазақстан президенті бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте таяуда бірқатар шет мемлекеттерге жасаған сапары жөнінде айтып берді.

субботник2

«Бір ай ішінде мен жетекші елдер басшыларының бәрімен дерлік кездесу өткіздім. Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өтті, оған 50-ге жуық елдің мемлекет басшылары мен үкімет басшылары қатысты. Солардың көпшілігімен кездестім. Жақында Ыстамбұлда Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті өтті, оған 57 мемлекеттің көшбасшысы қатысты. Олармен де кездесулер болды. Осы іс-шараларда Қазақстанның түрлі мәселелер бойынша ұстанымы мен елде жүргізіліп жатқан реформалар баян етілді. Бұл ретте біздің еліміз бен оның бастамалары туралы бүкіл әлем білетінін атап өткен жөн», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорданы көгалдандыру аясында қаланың айналасында 70 мың гектар ағаш отырғызылғанын, ал оның ішкі бөлігінде жыл сайын саябақтар мен гүлзарлар пайда болып жатқанын атап өтті.

«Қазақстанмен бірге Астана да ажарланып келеді. Оны бүкіл әлем жұрты біледі. Келер жылы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына  қарай қаламыздың халқы 1 миллионға жетеді деп ойлаймын. Бұл – елорда ғана емес, бүкіл республика бойынша туу көрсеткішінің жоғары болуының нәтижесі. Астанада тұрғындар саны 3-4 миллионға жетсе, ғылым мен білімнің, технологияның, медицинаның одан әрі дамуына бұдан да зор үлес қосылады», – деді Қазақстан Президенті.

субботник.jpg1

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

преззз

през3

рпезззз

«Егер әрбір азамат, әсіресе жастар елді мекендерді тазарту және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысатын болса, онда әр ауыл, аудан, қала және олармен бірге бүкіл еліміз де көркейе түседі. Тұрмысы төмендер мен жетімдерге көмек көрсету де аса маңызды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын біз осындай нақты іс-қимылмен қарсы алуға тиіспіз. Біздің керемет байтақ еліміз бар, оның жеріне ағашты көп егуіміз қажет, ол халықтың денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Өз елін сүйетін адам оның игілігі үшін жұмыс істеп, болашағын ойлайды», – деді Мемлекет басшысы.

 

субботник

Астанада 18-ші мамырға дейін «Таза қала-бақытты қала»  деген атаумен қаланы көгалдандыру шарасы қолға алынған.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар