Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Астанада бас шыршаның шамын жақты

1 желтоқсанда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас шыршасының шамын жағу салтанатына қатысты. Биыл ұзындығы 25 метр шырша «Хан Шатыр» ойын сауық орталығының алдындағы мұз қалашығының аумағына орналастырылған.

шырша111

Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.
Мерекелік шоуға 2300-ден астам мектеп оқушысы, сондай-ақ қаланың белгілі шығармашылық ұжымдары қатысты. Бойшаң қуыршақтар, барабанды шоу, аққалалар оркестрі және, әрине, Аяз ата мен Ақшақар баршаны алдағы мерекелермен құттықтады.

шырша2222

Бүгінгі салтанатты іс-шара еліміздегі өтетін барлық мерекелік іс-шараларға бастау берді. Бас шырша жағылған соң іле-шала Астананың әр түпкірінде тағы да қырық шыршаның, сондай-ақ Қазақстанның барлық қалаларында шыршалардың шамдары жағылды.

шырша3333

Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына қысқы кезеңде мәдени-көріністік іс-шараларға мол бағдарлама әзірленген.

шырша4444

Әр демалыс күндері мұз қалашықтарда концерттер, спортық жарыстар, мәнерлеп сырғанаудан шеберлік сыныптары, флэш-мобтар, жәрмеңкелерді және т.б. қамтитын қызықты әрі алуан түрлі бағдарлама ұсынылады.

Талқылау