Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Астана әкімін Талдыкөлдегі киізүйге көшіріп жіберетінін айтып қорқытты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жағымсыз иісті биылдан қалдырмай жоюды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Астананың дамуына қатысты жиында мәлім етті.

bcb0335f84ac14ca72edf1b2606

Айта кетейік, Астана маңындағы сасық иістің ошағы болып табылатын Талдыкөл мәселесі он жылдан бері шешілмей келеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Алты жыл Тасмағамбетов (Иманғали Тасмағамбетов – Астана қаласының бұрынғы әкімі) айналысты, ештеңе істемеді, сен келдің, ештеңе бітірмедің. Астанада сасық иіс бар әлі. Егер биыл шешпесеңдер, Хорошун екеуіңе Талдыкөл жағасына киіз үй тіккіземін, сонда тұрасыңдар.

6 млрд. теңге жұмсалды, түк бітпеді. Астанаға кім келеді, мынадай жағымсыз иісі мүңкіп тұрса. Талдыкөл мәселесімен қанша жыл болды мені тойғызғандарыңа. Үкіметпен, кімнің көмегі керек, шешіңдер бұл мәселені. Масқара ғой. Астанамыз мынадай деп мақтанамыз», – деп атап өтті президент Астана әкімі Әділбек Жақсыбековке қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде әкім, Су сорғыш-тазарту стансасының құрылысы жоспар бойынша жүріп жатқандығын xабарлады. Ә. Жақсыбеков 2017 жылға дейін аталмыш мәселені шешуге уәде етті.


Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев Fokker-100 командирі Дмитрий Родинды Қаһарман деп атады

Талқылау