Назарбаев Астана әкімін Талдыкөлдегі киізүйге көшіріп жіберетінін айтып қорқытты

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 18:11

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жағымсыз иісті биылдан қалдырмай жоюды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Астананың дамуына қатысты жиында мәлім етті.

bcb0335f84ac14ca72edf1b2606

Айта кетейік, Астана маңындағы сасық иістің ошағы болып табылатын Талдыкөл мәселесі он жылдан бері шешілмей келеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Алты жыл Тасмағамбетов (Иманғали Тасмағамбетов – Астана қаласының бұрынғы әкімі) айналысты, ештеңе істемеді, сен келдің, ештеңе бітірмедің. Астанада сасық иіс бар әлі. Егер биыл шешпесеңдер, Хорошун екеуіңе Талдыкөл жағасына киіз үй тіккіземін, сонда тұрасыңдар.

6 млрд. теңге жұмсалды, түк бітпеді. Астанаға кім келеді, мынадай жағымсыз иісі мүңкіп тұрса. Талдыкөл мәселесімен қанша жыл болды мені тойғызғандарыңа. Үкіметпен, кімнің көмегі керек, шешіңдер бұл мәселені. Масқара ғой. Астанамыз мынадай деп мақтанамыз», – деп атап өтті президент Астана әкімі Әділбек Жақсыбековке қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде әкім, Су сорғыш-тазарту стансасының құрылысы жоспар бойынша жүріп жатқандығын xабарлады. Ә. Жақсыбеков 2017 жылға дейін аталмыш мәселені шешуге уәде етті.


Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев Fokker-100 командирі Дмитрий Родинды Қаһарман деп атады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Омаров says:

    Талдыкөл мәселесі өте күрделі. Біріншіден, бұл мәселесін бірінші жылдан бастап айналасу керек еді, ғалымдардын конференциясын өткізіп, әрбір жақтан талқылау керек еді. Екіншіден, басқа жер жетпегендей қаланы неге сол көлдерге жақын сала бастады?
    Ал Талдыкқлдін үшеүде әлмеде белгілі көлдер, өйткене осындағы флора және фауна өте ерекше, сирек кездесетін құстар осында ұяландырады. СОндықтан исін кетірем деп барлығы флора мен фаунаны құртса сонда пәле болады!

  • Султан Туркестанский says:

    Киіз үй тігетін кезде шакырыныз Нуреке. Заттарын да тасып жайгастырып берем… хахаааа

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар