Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Алматының 1000 жылдығын атап өту кезінде көзбояушылыққа бой алдырмауды тапсырды

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматының 1000 жылдығын тойлау кезінде қаланың қақ ортасындағы “асфальттің төртінші қабатын” қайта-қайта төсей бермей, барлық күш пен жұмысты қала тұрғындарының қажеттіліктеріне бағыттауды міндеттеді.

10343503

Сурет ҚР президенті ресми сайтынан алынды

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Президент сондай-ақ, арық жүйелерін ретке келтіру, қаланы жасылдандыру, субұрқақтарды қайта орнату мәселелерін қалыпқа келтіруді тапсырды.

“Алматының мың жылдық мерекесін, алматылықтар сезінетіндей етіп өткізу керек. Бастықтар жүретін жолды жөндей беріп керек емес. Қаржыны жағдайы қиын аудандарға, қаланың жолдары нашар бөліктеріне жұмсау керек”, – деді президент Алматыны дамытуға және Бүкіләлемдік қысқы универсиадаға дайындық барысын талқылау жиынында.

“Барлық қала тұрғыны сезіне білулері керек. Қаланың орталығында бәрі жасалып қойған. Сіздер жолды қайта-қайта жаңарта бересіздер, бұлай істеп қажет емес. Сумен, газбен қамтамасыз ету, мектептердің жағдайын қарау, балабақшаларға көңіл бөлу керек, міне, осы мәселелерге жұмсаңдар ақшаны”, – деді мемлекет басшысы.

Талқылау