Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Алматыны Римге теңеді

Алматыда 1 мамыр халықтар бірлігіне арналған мерекелік шараға қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны Римге теңеді.

1212

Сурет fckairat.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«25 жыл – тарих үшін қас қағым сəт. Алайда осы уақыт аралығында адам танымастай өстік. Қазақ дүниеге танымал болды. Жаңа ұрпақ өсірдік, жаңа астана салдық. Алматыда көліктің көптігі қиындық тигізеді. Бірақ көп жастар біле бермейді, 15 жыл бұрын бұлай болмаған. Алматы қазір Риммен бірдей. Машинадан жүре алмайсың. Халықтың əл-ауқаты жақсармаса осылай болар ма еді?» – деді Елбасы.

Ресми бөлімнен соң Мемлекет басшысы мəдениет ұжымдарының мерекелік концертін тамашалады.

Айта кетейік, Алматының «Астана» алаңында кеше 1 мамыр – халықтар бірлігі күніне орай мерекелік концерт өтті. Мерекелік кеш барысында сахнада түрлі этномəдени бірлестіктер мен музыкалық ұжымдар өнер көрсетті.

Көрермендер алдында Мəдина Сәдуақасова, «Музарт» тобы, Ерболат Құдайбергенов, Дильназ Ахмадиева, республикалық этномəдени өнер ұйымдары ән салды.

Бұған дейін 1 мамыр бірлік күні қарсаңында барша қазақстандықтарды құттықтаған Елбасының, Алматыдағы халықтар фестивалінде би билегені де жарияланған еді.

Талқылау