Назарбаев Алматыны Римге теңеді

Дүйсенбі, 2 Мамыр , 2016 9:43

Алматыда 1 мамыр халықтар бірлігіне арналған мерекелік шараға қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны Римге теңеді.

1212

Сурет fckairat.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«25 жыл – тарих үшін қас қағым сəт. Алайда осы уақыт аралығында адам танымастай өстік. Қазақ дүниеге танымал болды. Жаңа ұрпақ өсірдік, жаңа астана салдық. Алматыда көліктің көптігі қиындық тигізеді. Бірақ көп жастар біле бермейді, 15 жыл бұрын бұлай болмаған. Алматы қазір Риммен бірдей. Машинадан жүре алмайсың. Халықтың əл-ауқаты жақсармаса осылай болар ма еді?» – деді Елбасы.

Ресми бөлімнен соң Мемлекет басшысы мəдениет ұжымдарының мерекелік концертін тамашалады.

Айта кетейік, Алматының «Астана» алаңында кеше 1 мамыр – халықтар бірлігі күніне орай мерекелік концерт өтті. Мерекелік кеш барысында сахнада түрлі этномəдени бірлестіктер мен музыкалық ұжымдар өнер көрсетті.

Көрермендер алдында Мəдина Сәдуақасова, «Музарт» тобы, Ерболат Құдайбергенов, Дильназ Ахмадиева, республикалық этномəдени өнер ұйымдары ән салды.

Бұған дейін 1 мамыр бірлік күні қарсаңында барша қазақстандықтарды құттықтаған Елбасының, Алматыдағы халықтар фестивалінде би билегені де жарияланған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Дархан says:

    Жақсы берекелі, мерекелі күндеріміз мол болсын, Қазақ елі!

  • Дархан says:

    Осындай Алматы секілді алып әрі әсем қалаларымыздың саны арта берсін.

  • Дархан says:

    Алла бұйыртса Европаның талай қаласынан асып түсуге болады.

  • Дина says:

    Халықтың жағдайы жақсарып келеді, оны көбейген машиналардан-ақ байқауға болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де көлікте жүретін отбасыларды білемін: әкесі, шешесі, ұлы, қызы, тіпті әжесі.

  • Жұмбақ жан says:

    Алматы кеңейіп келеді, ірі мегаполисқа айналуға толық мүмкіндігі бар.

  • Дамира says:

    Алматы қаласы ежелден дамыған қалалардың қатарында келеді. Енді оның қарқыны бұдан кейін өспесе кемімейді деп ойлаймын.

  • Лаура says:

    Алматының барлық табиғи мүмкіндігі бар бұлай деуге.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар