Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Әлемдегі ең бай 62 адамның байлығы жаһандағы 3,5 миллиард адамның табысымен теңесті

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан Астана экономикалық форумында  әлем мемлекеттеріндегі халықтардың табысының теңсіздігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасының сөзінше, адамдардың өміріне оң ықпал етуіп, сапасын жақсартуы тиіс технологиялық төңкеріс іс жүзінде теңсіздіктің жаңа бағыттарына мүмкіндік беріп отыр.

«Бүгінгі таңда әлемдегі ең бай 62 адамның байлығы жаһандағы 3,5 миллиард адамның табысымен тең болып отыр. Былтырғы байлықтың 80 пайызы әлем халықының тек 1 пайызына тиелісі болған. Халықаралық сарапшылардың кейбірі осындай мәлімет келтіріп отыр. Бұл парадокс. Алайда адамдардың өміріне оң ықпал етуіп, сапасын жақсарту тиіс технологиялық төңкеріс іс жүзінде теңсіздіктің жаңа бағыттарына жол беруде», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, аталған мәселелерді шешу үшін, мемлекетттер арасындағы диалогтың жаңа тиімді механизм құрып, білім алмасуды реттеу қажеттілігі туындап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлемдегі тұрақсыздыққа негізгі фактор болған 5 жаһандық мегатрендті атады.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев: Алдағы уақытта әдеттегі еңбек күшінің 80 пайызы роботтандырылған жүйемен алмастырылады

Әблязов пен Тоқмади Бишімбаевты құрту үшін тапсырыс берді: Қорғаушының нұсқасы

Мектеп мұғалімі оқушылардың маңдайына екілік баға қойып берген

eGov.kz порталында жұмыс іздеушілерге ұсыныстар көрсетіледі

Талқылау