Назарбаев алаяқ банкирлердің қарапайым азаматтарды қалай тонағанын айтып берді

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің Төрағасына қазақстандық салымшыларды немқұрайлы акционерлерден қорғауды тапсырма берді. Бүгін Елбасы Ақордада Данияр Ақышевты қабылдады. Мемлекет басшысы өз ісін адал атқармайтын акционерлердің қарапайым халықты ұмытып, өздерінің пайдасы үшін қандай  әрекеттерге баратынын егжей-тегжейлі айтып дерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Назарбаев алаяқ банкирлердің қарапайым азаматтарды қалай тонағанын айтып берді

«Содан кейін олар көшелерде, аялдамаларда «Біз көп пайыз береміз, ақшаларыңды бізге салыңдар» деп жүгіріп жүріп, халықты көндіреді. Адамдар соған сеніп, сол жерге барады. Ал, акционерлер болса ол ақшаны ұрлайды немесе өз адамдарына таратып береді. Бұл банк жүйесіндегі нағыз тәртіпсізсік. Менің ойымша, жағдайы жақсы банк ешқашан төлем жасауға қабілетсіз адамдарға несие бермейді. Ал бізде не болды? Акционерлердің өздері қаражаттың қайтармайтынын біліп, өз адамдарына несие берді және тұтастай алғанда ақшаны айналымға түсіріп, ұрлады»,- деді Мемлекет басшысы.

Осыған мысал ретінде жуырда ғана салымшыларын шулатып қойған «Астана» банкін алайық. Қаншама адам өз қолымен депозитке салған ақшасын және жалақысын даулап, әбден күйінді. Сондықтан Назарбаев Данияр Ақышевқа бұдан былай салымшылардың шотын қатаң қорғауға тапсырма берді.

«Қатаң болуы керек. Бізге банктердің саны қажет емес. Адамдар бұл банктерге мемлекеттік жүйе деп сеніп, барады. Алайда, онда БТА банкі сияқты 6-7 миллиард долларды тонайтын алаяқтар отырады. Алаяқ акцинерлерден келген залалды әлі де қалыпқа келтіріп жатырмыз. Сондықтан мен сізден ешқандай тәртіпсіздікке жол берілмеуін талап етемін»,- деді Елбасы Данияр Ақышевқа.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар