Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Ақтөбедегі лаңкестікті салафизмді ұстанушылар жасады

Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

78ba924d701910d7db87b76050e

«Біз мұның дәстүрлі емес салафизм діни ағымын ұстанушылар тобының лаңкестік шабуылы екендігін білеміз. Республикадағы діни наным-сенім бостандығына қамтамасыз ете отырып, біз сонымен бірге діни ұранды жамыла отырып, елдегі ахуалды шатқаяқтатуға тырысатындарға батыл жауап қатуға ниеттіміз», – деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев лаңкестердің жоспарына қарамастан бейбіт тұрғындар арасында өлім-жітімнің көп болуына жол берілмегендігіне баса назар аударды.

«Күш-қуат құрылымдарының іс-қимылы барлық дерлік қылмыскерлердің көзін жоюға мүмкіндік берді. Олардың кейбіреулері іздеуде. Меніңше, біздің құқық қорғау органдары барлығын да тауып, олар сәйкесінше жаза алатын болады. Лаңкестік акт қоғамның көңіл-күйін бұзды, халық табанды іс-қимылдарды күте отырып, оларды әділ түрде айыптайды», – деді Қазақстан Президенті.

Осыған орай Мемлекет бсшысы ұлттық қауіпсіздікті қамтмасы зетуге бағытталған стратегиялық және жүйелі сипатқа ие бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде діни жиындардың дін мекемелерінен басқа жерде өткізілуіне заңмен тыйым салынбақ

Дін істері комитеті елімізде салафизмге тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр

Талқылау