Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев АҚШ президентінің қателесіп, Қазақстанды Ауғанстанмен шатастырып алғанын еске алды

Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы барысында Америка президентінің қателесіп, Қазақстанды Ауғанстанмен шатастырып алғанын еске алды.

1133573

Фото: Ақорда

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін Қазақстанның қай жерде екенін біле бастады. Еліміз әлем картасында болған жоқ. Біз шетелге шыққанда, кеңес одағы деп айтатынбыз. Америка президенттерінің бірі қателесіп, Қазақстанды Ауғанстанмен шатастырып алған еді. Не үшін оған ренжисің”, — деді президент.

Ал қазір, Елбасының айтуынша, Қазақстан әлемге танымал, Қазақстан азаматтарын бүкіл жерде сыйлап, құрмет көрсетеді.

“Тамаша емес пе?! Мақтан тұтамыз. Өйткені біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Біз әлемге түрлі конфессиялардың, этностардың бейбіт, төбелессіз, адам өлтірмей, бір-бірімізді сыйлап, жақсы көріп өмір сүруге болатынын көрсетіп отырмыз”, — деді президент.

Айта кетсек, “Жаңғырудың негiзi — тұрақтылық, бiрлiк, келiсiм” тақырыбындағы сессияға елiмiздiң түрлi аймақтарынан 1500-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында Ассамблеяның барлық өңірлерден келген мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ-ның басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым өкілдері бар.

Талқылау