Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізде ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды. Елбасы бұл туралы Ақордада өткен жиын барысында мәлімдеді.

ac9fbd6bd67e63f4c5d7439edb8f2c6b

Сурет akorda.kz

“Қазіргі таңда бұл функция тиісті емес министрлікте. Үкіметте бұл салаға бөлініп жатқан қаражатты, жүргізіліп жатқан шараларды ешкім бақыламайды. Осы ретте мен ақпараттық мәселелермен айналысып, осы саланың жұмысын атқаратын мемлекеттік орган ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырамын”, – деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылатын министрлік мына шаруаларды алдыңғы кезекте атқару керек деді: ақпараттың кеңістіктің барлық түрлеріне, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жасау. Бұл қауырт мәселелердің жылдам шешімін табуына, түсіністік орнатуға мүмкіндік бермек; ең өзеті тақырыптар бойынша қоғамдық пікірді зерттеп, сараптама жасау; мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу; ақпарат орындарына бақылау жасап, барлық мемлекеттік органдардың белсенділігін күшейту; мемлекеттен қаржы бөліп, оны тиісті жерлерге жұмсау; отандық БАҚ-ты дамыту үшін экономикадағыдай инвестиция мен инновация тарту; ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында отандық ақпарат өнімдерінің сапасын арттыру; Халықты ақпаратқа қолжетімділік жағдайына жеткізу.

Талқылау