Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев адамды соттап тынғанша асығатын мекемелерді сынға алды

Ұсталғанның бәрі ұры емес! Нұрсұлтан Назарбаев қолдарына түскен адамды соттап тынғанша асығатын құзырлы органдарды сынға алды,-деп жазды КТК арнасы.

мәминазик

Бүгін Ақордада Жоғары сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдаған Елбасы  тергелген істерден шикілік анықталса, шетінен кері қайтаруға пәрмен берді.

«Полицияның, қауіпсіздік комитетінің, қаржы полициясының тапқан мәселелері көбінесе солардың айтқан сөзімен, солардың айыптауымен өтіп кете береді. Барлығының істегені дұрыс болып шықпайды ғой. Олардың қателігін түзейтін, олардікі дұрыс емес деп қайтаратындай болу керек.  Бізде сотқа жетпесе, ол жұмыстың орындалмағаны болып айыпталады. Ондай емес қой?»,-деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Яғни, елімізде сот әлі де әділетсіз шешім шығарады. Заң толық үстемдік жүргізіп отырған жоқ деді Елбасы. Ал әрбір қылмыстық істің артында  адамның тағдыры тұрғанын ескерсек, қаншама азамат шындықты дәлелдей алмай шырылдап жүр.

Президент жергілікті полицейлердің жұмысына да көңілі толмайтынын айтты. Оның үстіне, салық төңірегіндегі тексерулер,   кәсіпкерлерді жөн-жосықсыз мазалау да тыйылмай тұр. Сондықтан Елбасы Жоғарғы сот төрағасына батылырақ қимылдауға кеңес берді.

Оқи отырыңыз:

Алматыда биыл үй кезегінде тұрған әрбір төртінші отбасы пәтер алатын болады

101 жастағы қазақ әжей Америкада қарттар үйінде тұрып жатыр (фото)

Қарттар үйіндегі әжей: Келінім алтын сырғама дейін шешіп алып, 5 ай бойы қамап ұстады

Қазақстандықтардың телефон қоңыраулары қалай тыңдалынатыны белгілі болды

 

Талқылау