БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Назарбаев: Адамдар заманауи экономикаға бейімделуі тиіс

Елбасының айтынша,адамдар заманауи экономикаға, қазіргі заманға бейімделуі тиіс. Ең бастысы сәйкес келетін білім алуы керек.

Бұл туралы елбасы Акорданың желіде жариялаған видеосында айтты.

«Ең маңызды мәселе – дамыған 30 елдің қатарына кіру. Дамыған 30 елде адамдар қалай өмір сүреді? Ол жақта қандай өзгеріс бар? олар қандай болса, бізде соларға бейімделуіміз керек. Бұл білім арқылы, еңбек арқылы келеді. Қазір сандық технология, роботтандыру жүріп жатыр. Алдағы уақытта 500 мамандық жойылады. Бұл біздің білгеніміз ешнәрсеге керек болмайды деген сөз. Басқа мамандықтар оқуымыз керек.

Біз металлургия саласын оқыдық. Қазір бәрі сервиске айналуда. Қазір бұрын олмаған қанша банк, мейрамхана, дүкендер бар. Ол жерде адамдар жақсы ақша тауып жатыр. Сондықтан адам заманауи экономикаға, заман алабына бейімделуі керек. Бастысы сәйкес келетін мамандықты игеру керек», – деді Назарбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр