Назарбаев 600-ге жуық шетелдікке Қазақстан азаматтығын бермек

Жиын барысында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін таяу және алыс шетелдерден келген әртүрлі этностың 587 өкілі біздің еліміздің азаматтарына айналады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

“Қазақстан азаматы болуды қалайтындар саны жылдан жылға артып келеді. Аталған жайт Қазақстандағы азаматтық институттың халықаралық беделі артқандығын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің тұрақтылығын, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің дамығандығын айғақтайды”, – дейді мемлекеттік хатшы.

Бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған, ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан – 2050» стратегиясының жүйелі жүзеге асырылуының арқасында мүмкін болды.

Біз жаңа қазақстандықтарға бақытты өмір тілейміз және енді олардың өз Отаны болып саналатын еліміздің игілігі жолында тиімді еңбек етулеріне ниеттестік білдіреміз. Еліміздің лайықты азаматтары болып, тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуына олардың да өз үлесін қосатынына сенімдімін, – деді мемлекеттік хатшы.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.


Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар