Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев 2020 жылы президент сайлауына қатысуы туралы әзілдеді (видео)

Назарбаев Финляндия мемлекетіне ресми сапары барысында өзінің кезекті президент сайлауына қатысуы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде тараған видеода Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия журналисінің сұрағына берген жауабында президенттік сайлауға қатысатыны туралы шешімді әлі қабылдамағанын мәлімдеді.

«Маған соңғы кездері жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Мен 2020 жылы кетсем, біздің кішкентай балалар үшін кім жақсы өмірді қамтамасыз етеді?», – деп күлді.

Сөзін жалғастырған президент шындығына келгенде бәрі өзінің елбасылық қызметте көп отырды деп ойлайтынын жеткізді.

«Мені әр бес жыл сайын көптеген басымдылықпен қайта таңдап отырды. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші президенті, бүгінгі Қазақстанның негізін қалаушысы ретінде маған өз кандидатурамды ұсынуға конституциялық құқық берілген. Бұған қатысты шешімді келер жылы немесе 2020 жылы қабылдаймын. Сол кезде сұрағыңызға жауап ала аласыз», – деді Назарбаев.

Президенттің сөзін аударған финдік журналистер Нұрсұлтан Назарбаевтың билік басында 1989  жылдан бері отырғанын және президенттік сайлауға шексіз қатыса алатынын атап өтті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау