Назарбаев ҚР үкіметінің кеңейтілген отырысында не айтты?(видео)

Бейсенбі, 19 Қараша , 2015 11:32

18 қараша күні Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті, – деп хабарлайды STAN.KZ

отырыстың толық нұсқасы

Шара барысында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың аралық қорытындылары және әлемдік экономикадағы дағдарыс тенденциясын ескере отырып, алдағы мерзімде атқарылатын жұмыстардың негізгі жоспарлары қаралды.

Президент елдегі бюджет шығыстары тағы да қысқартылатынын айтқан еді.

«Зейнет жасын көтеру жай әншейін деп ойлайсыздар ма?  Қарапайым адам үшін – бұл ауыртпалық. Бірақ, оған сенің балаларың 15 жылдан кейін зейнетақы ала алмайды десең, ол мұны түсінбейді. Оған бізде өмір сүру ұзақтығы көз алдымызда небәрі 10 жылдың ішінде 64-тен 72 жасқа өскенін түсіндіру қажет. Бірде-бір мемлекет дәл осындай уақыт ішінде мұндай өмір ұзақтығына қол жеткізген жоқ», – деді ҚР Президенті.

Президент зейнет жасын ұзартпаса, зейнетақыға қаржы болмай қалатынын ескерткен еді.

Жиын барысында елбасы  дағдарыстың кезінде  барлық затты үнемді пайдалануды қатаң ескертті. Және әр бір мемлекеттік қызметкердің ісінен ел экономикасы мен дамуына пайда түспесе қоштасу керектігін қадап айтты. Әсіресе СІМ қызметкерлердің саны мен сапасын сынға алды.

«Өз істерін, экономиканы тіпті де білмейді. Сондықтан да бағдар мынадай болуы керек. Бұл жайында біз министрлік кездесулерінде, алқа мәжілістерінде айтатын боламыз. Барлық жерде қажет болсын, болмасын елшіліктер негізсіз ұлғайтылған. Министрлікте мұндай елшілер қаншама? Ал біздергі қазіргі уақытта мұның қажеті жоқ. Біздерге қазіргі уақытта Қазақстанның мүддесі бар жерлерде қана өкілдік қажет», – деді Н.Назарбаев.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар