Назарбаев үкіметтегі жаңа тағайындауларды түсіндірді

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек , 2016 8:22

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық өзгерістерге байланысты БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

- 2014, 1 17.01.14

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтегі және бірқатар мемлекеттік органдардағы жаңа тағайындаулар мен құрылымдық өзгерістерге түсініктеме бере отырып, олардың қазіргі сын-қатерлерді лайықты еңсеру қажеттілігінен туындағанын айтты.

“Жақында облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында дағдарыспен күрес жұмысынан экономиканың өсімін ынталандыру бағдарламасына көшу жөніндегі шаралар талқыланды. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуды,  атап айтқанда, ауыл шаруашылығында, тұрғын-үй құрылысында және басқа да салаларда халықтың табысын арттыруды көздейді. Осыған байланысты жаңа министрлер кабинеті алдына нақты міндеттер қойылды. Үкімет құрамында жасалған өзгерістер басқарушылардың жаңа буынының, соның қатарында «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің де уақыты келгенін көрсетеді”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жасалған өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстанның қарқынды дамуына бағытталғанын атап өтті.

Жіберіп алмаңыз: 

Дариға Назарбаева Сенат депутаты болып тағайындалды

Елбасы ҚР Үкіметінің жаңа құрамын бекітті

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды

Иманғали Тасмағанбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар